- Барлық ақпарат
Беларусьте Лукашенконың инаугурациясы өтті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 наурыз
Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне ресми кірісті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Cейсенбі күні Минскіде Лукашенконың ұлықтау рәсімі өтті.
Беларусьтегі президент сайлауы 2025 жылдың 26 қаңтарында өтті. Орталық сайлау комиссиясы бекіткен дауыс беру қорытындысы бойынша қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 86,82 пайыз дауыс жинап, президент болып қайта сайланды.
1994 жылдан бері Беларусьтегі ең жоғары мемлекеттік қызметті атқарып келе жатқан Лукашенко үшін бұл – оның жетінші президенттік мерзімі.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online