- Барлық ақпарат
Шыңжаң теміржолының қос порты арқылы өтетін пойыздардың жиынтық саны 90 000-нан асты
25 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай теміржолы Үрімжі бөлімшесінен алған ақпаратына сәйкес, 23 наурыздағы жағдай бойынша Қорғас және Алашанькоу теміржол порттары арқылы 90 000-нан астам Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы өткен.
Соңғы жылдары «Бір белдеу, бір жол» бастамасының терең ілгерілеуі және Шыңжаңның сыртқы әлемге ашылуының үздіксіз кеңеюі арқылы Қытайдың Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыз бизнесі өркендеп, Қытайдың түкпір-түкпірінен және Шыңжаңнан аттанатын Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының саны артты. Осыған байланысты Шыңжаң теміржолының қос порттары арқылы өтетін пойыздар саны да айтарлықтай артты. 2024 жылы Шыңжаң теміржолының қос порты арқылы 16 400 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы өтті, бұл өткен бір жылмен салыстырғанда 14%-ға артық; бес жыл қатарынан проттан өткен пойыз саны орташа 10 000-нан асса, ал орташа жылдық өсу қарқыны 1000-нан астамға жетті.
people.cn © People's Daily Online