- Барлық ақпарат
Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 наурыз
Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 22 жыл қатарынан құрамасының сапында гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы болды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
40 жастағы шабуылшы бір күн бұрын Ұлттар лигасының ширек финалдық қарымта кездесуінде Дания құрамасына қарсы ойында гол соққан болатын.
Португалиялықтар скандинавиялықтарды қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңді.
Криштиану Роналдудың еншісінде 929 гол бар. Жалпы, Роналду Португалия құрамасының сапында 217 матч өткізіп, 136 гол соққан. Португалия құрамасының құрамында Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online