Тбилисиден Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 наурыз

Тбилисиден Алматыға ұшқан Air Astana әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 ұшағының капитаны Гейдар Әлиев халықаралық әуежайына шұғыл қонуды сұрады. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады.

Trend-тің хабарлауынша, бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.

Өтінім бойынша әуежайдың дағдарыс орталығы жұмылдырылып, жерүсті қызметтері жедел үйлестіріліп, барлық қажетті қауіпсіздік шарасы қабылданды. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00:25-те сәтті қонды.

Жолаушыға дереу медициналық көмек көрсетілді. Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, одан әрі тексеру үшін қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Атап өтілгендей, «Air Astana» әуе компаниясының шешімімен рейстің межелі жерге аттандырылуы кейінге шегерілді. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото