Ханчжоу - Янцзы өзенінің оңтүстігіндегі жанданған қала

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ханчжоу – Янцзы өзенінің оңтүстігіндегі аймақтың ерекшеліктері, бес мың жылдық мәдени мұрасы және заманауи технологиялық инновациялардың қарқынды дамуы үйлескен қала. Бұл қала ерекше тартымдылығымен әлем назарын өзіне аударады. Ханчжоу сонымен қатар Қытай дамуының алуан түрлілігі мен өмірлік қуатын көрсетті.

Янцзы өзенінің оңтүстігінің пейзажы

Ханчжоу «Жер жаннаты» деген атпен белгілі. Батыс көлдің жарқыраған толқындары мен Су Ши көшесіндегі жайқалған сәмбі талдар Янцзы өзенінің оңтүстігінің көркем пейзажын бейнелейді. Мұнда қайыққа отырып, көл бетінде серуендеп, Лунцзин шайынан дәм татып, осы өлкенің сұлулығын тамашалай аласыз.

Сиси сазды саябағы жыл сайынғы гүлдеген мезгіліне еніп, тіршілікті түгел оятады.

Мәдени қазына

Лянчжу мәдениеті қирандыларының табылуы қаланың 5000 жылдық өркениет тарихын ашады. Юэван храмы, Лининь храмы және Люхэ мұнарасы сияқты ежелгі ескерткіштердің терең тарихи астары бар. Батыс көлі мен Үлкен канал ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне еніп, Ханчжоудың тарихи-мәдени мұрасының символына айналды.

Ғылым мен техниканың инновациялық индустриясының өрлеуі

Ханчжоудың ұзақ уақыт бойы салған аймақтық инновациялық экожүйесі жасанды интеллект индустриясындағы кластерлік жетістіктерге күшті серпін берді. Ханчжоуда жаңадан пайда болған технологиялық компаниялар тобы - Game Science, DeepSeek, Unitree Robotics (Yushu Science And Technology Co., Ltd.), Deep Robotics, BrainCo және Manycore (Qunhe Information Technology Co., Ltd) ел ішінде және шетелде маңызды ықпалды компанияларға айналды.

Hangzhou Future Science And Technology City және Dream Town сияқты инновациялық хабтар көптеген кәсіпкер мен талантты өзіне тартып отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото