- Барлық ақпарат
2025 жылы Шыңжаңдағы барлық порттарда «жүргізуші үйі» іске қосылады
24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы Кәсіподақ федерациясы 2025 жылға қарай қолданыстағы 16 халықаралық «жүргізуші үйінен» басқа, Шыңжаңның барлық порттарында «жүргізушінің үйлі» болуына қол жеткізу үшін шекара өткелдерінде 12 ұқсас нысан салынатынын хабарлады.
Қазіргі уақытта Шыңжаңда бірінші дәрежелі 19 ашық порт бар. Шыңжаңның әртүрлі порттарында кадрлық алмасулар мен жүк тасымалының үздіксіз өсуі байқалды. Еларалық жүк көлігі жүргізушілеріне сапалы қызмет көрсету мақсатында 2023 жылдан бастап Шыңжаң Кәсіподақ федерациясы мен тиісті ведомстволар порттарда «жүргізуші үйі» құрылысын шекарадағы порттарға дейін кеңейтті.
Қорғас порты Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда үшін маңызды порт болып табылады. Мұнда 5 халықаралық «жүргізуші үйі» бар.
«Жүк түсіруді күтіп отырып, осында демалуға, жуынуға және тамақтануға өте ыңғайлы»,- деді қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі Сержан Бауыржан.
Қазіргі уақытта Шыңжаңда пайдалануға берілген 16 «жүргізуші үйі» диван, теледидар, микротолқынды пеш, су диспенсері, жедел медициналық көмек жабдығымен және басқа да ыңғайлы құралдармен қамтылған. Сонымен бірге қоғамдық тамақтандыру, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, телемедицина және логистикалық ақпараттық платформалар сияқты «бір терезе» қызметтері ұсынылады.
people.cn © People's Daily Online