- Барлық ақпарат
«Шығыстан Батысқа дейін»: Алматыда 100-ден астам қуыршақ қойылған көрме ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 наурыз
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде коллекциялық қуыршақтар көрмесі ашылды деп жазды ҚазАқпарат.
Көрмеде «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағының құрамына кіретін Алматы, Астана, Жаркент қалаларынан жиналған 21 шебер 140 авторлық жұмысын ұсынып отыр. Бұл іс-шара көктем мен жаңарудың мерекесі — Наурыз мейрамы аясында өткізіліп отыр.
«Шығыстан Батысқа дейін» көрмесінің ашылуына Алматының белгілі суретшілері, галеристері, кәсіпкерлері және қала тұрғындары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің мақсаты — алматылықтар мен қала қонақтарына Қазақстандағы талантты шеберлерін және олардың бірегей жұмыстарын таныстыру.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online