Үрімжі Дивопу халықаралық әуежайы Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайы болып өзгертілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 наурыз

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Азаматтық авиация әкімшілігінің ресми сайтында азаматтық әуежай атауы өзгерді, бұл Үрімжі Дивопу халықаралық әуежайы Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайы болып өзгергенін білдіреді.

Деректерге сәйкес, Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайы арқылы 2024 жылы 27,7657 миллион жолаушы тасымалданған. Халықаралық жолаушы маршруттары 20-дан астам қалаға қатынайды.

Тяньшань таулары шығыстан батысқа қарай төрт елді - Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанды қамтып жатыр. Таудың жалпы ұзындығы шамамен 2500 шақырымға жуық. Шыңжаң Тяньшань тауы Қытайдың Шығыс Тяньшань тауын меңзейді, оның ұзындығы Шамамен 1760 шақырымды құрайды. Бұл Тяньшань тауы жалпы ұзындығының үштен екісінен астамын иелеп, бүкіл Шыңжаңды кесіп өтеді.

Мәліметтерге сәйкесе, Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайын кеңейту жобасының негізгі бөлігі жақында толығымен ашылады. Бұл жолы оның терминал ғимаратының ауданы 500 000 шаршы метрге дейін ұлғайтылып, ұшу алаңының көрсеткіші 4F-ке дейін көтеріледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото