- Барлық ақпарат
Электр желісі мен құстардың жарасымы
21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Елімізде үлкен энергетикалық жүйе бар. Электр беру желісінің мұнарасы тұрақты және биік болғандықтан, құстар осында үнемі ұя салып, өсіп-өрбиді. Олардың ұя салуы, саңғыруы және басқа да әрекеттері электр желісінің жұмысының қауіпсіздігіне әсер етіп, істен шығуына әкелуі мүмкін. Бұл құстардың өміріне де қауіп төндіреді.
Аньхой өлкесінің Чичжоу қаласын жыл сайын қыс мезгілінде 100 000-нан астам жыл құстары мекендейді. Елдегі тұңғыш электр беру желілерінде құстардың әрекетін талдау және ерте ескерту құрылғысы жасалды. Ол құстардың арнайы жарық көздеріне сезімталдығы принципіне негізделген. Бионикалық жарық сәулелерін шығару арқылы ол құстардың алдынан «қорған» тұрғызады. Мұны байқаған құстар электр желілерінен алыстау ұшады. Бұл тапқырлық құстардың өмірін қорғап қана қалмай, сонымен қатар электр желісінің қауіпсіздігіне де кепілдік береді.
people.cn © People's Daily Online