Дүниежүзілік интернет-конференция АТС сәуір айында Сянганда ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 наурыз

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 17 наурызда Бейжіңде өткен 2025 жылғы Дүниежүзілік интернет-конференцияның Азия-Тынық мұхиты саммитінің баспасөз конференциясында Дүниежүзілік интернет-конференциясы Азия-Тынық мұхиты саммиті 14-15 сәуір аралығында Сянганда өтетіні жарияланды.

Халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің, кәсіпорындар мен салалық институттардың өкілдері, сондай-ақ танымал әлемдік сарапшылар жасанды интеллект (ЖИ) инфрақұрылымы, технологиялық салалар және қауіпсіздікті басқару сияқты тақырыптарды талқылайды.

Саммитте сонымен қатар ЖИ инклюзивті басқару арқылы жаһандық тұрақты даму мүмкіндіктерін кеңейту және трансшекаралық деректер ағыны саясатын салыстырмалы зерттеу туралы сараптамалық орталықтардың есептері ұсынылады, делінген баспасөз мәслихатында.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото