2024 жылғы IV тоқсанда ҚРбойынша айлық жалақының орташа мәні 10,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 наурыз

2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 10,5%-ға өсіп, 434982 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың IV тоқсанында 308717 теңгені құрады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 10,5%-ға өсті, нақты жалақы индексі 101,8% құрады. Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 11,4%-ға жоғарылады, нақты жалақы индексі 108,9% құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото