Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 наурыз

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Санақтың басты мақсаты ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу болып табылады. Бұл осы саладағы әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу мен іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс жоспары бойынша 1 тамызда sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама басталады, ол 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін онлайн сауалнамадан өтпеген адамдар үшін жеке сұхбат арқылы санақ кезеңі өткізіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото