- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы Қытай медицинасы дәрілік материалдардың цифрлық сауда платформасы ресми түрде іске қосылды
20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 17 наурызда Үрімжіде Шыңжаңдағы Қытай медицинасы дәрілік материалдары сауда алаңының ашылу салтанаты өтті.
Шыңжаң Қытай медицинасына қажетті дәрілік материалдардың ресурстарына бай. Онда Қытай медицинасы дәрілік материалдарын отырғызу алаңы 4 миллион мудан асады. Мақсары, қызыл мия, етті сұңғыла сияқты бірегей сорттар ұлттық нарықтың 60%-дан астамын қамдап отырады. Соңғы жылдары Шыңжаң біртіндеп дәрілік материалдарды өсіру, өңдеу, сату, зерттеу және әзірлеуді қамтитын тұтас өнеркәсіптік тізбек жүйесін құрды.
Шыңжаңдағы Қытай медицинасы дәрілік материалдардың сауда платформасы Қытайдың пилоттық еркін сауда аймағының (Шыңжаң) «Бір белдеу, бір жол» Қытай медицинасы дәрілік материалдар ғылыми-техникалық индустриалды паркіне сүйене отырып, онлайн сауда жүйесі, қойма және логистика, сапаны тексеру және өңдеу жүйесі сынды төрт негізгі функцияны біріктіреді.
Платформа 20 000 шаршы метрлік интеллектуалды сақтау орталығын және жылдық өндірістік қуаты 50 000 тонна Қытай медицинасы дәрілік материалдарын өңдеу және тексеру базасын салды. Бұл Шыңжаң мен Орталық Азиядағы дәрілік материалдар ресурстарын оңтайлы жинау мен таратуды жүзеге асыра алады.
people.cn © People's Daily Online