Бейжіңде өндірілген тұқымдық жұмыртқалар алғаш рет Орталық Азияға экспортталып жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 наурыз

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңдегі тауық өсіру базасында отандық компания дербес өсірген 40 000 тұқымдық жұмыртқа (племенные яйца) Бейжің кеденшілерінің бақылауымен көлікке тиеліп, Бейжіңнің Пинггу аумағынан Шыңжаңның Қашқар қаласындағы Қарасу портына жөнелтілді. Тауар Тәжікстанға экспортталады.

Осылайша Бейжіңде өндірілген тұқымдық жұмыртқалар Орталық Азияға бірінші рет экспортталып отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото