Қытай қалалары DeepSeek көмегімен ақылды қаланы басқаруға көшті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 наурыз

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай цифрлық трансформацияны тереңдете отырып, елдің көптеген қалалары қалалық басқаруды жақсарту және жеңілдету үшін DeepSeek AI үлгісімен жұмыс істейтін қызметтерді қабылдап отыр.

Бұл сандық көмекшілер DeepSeek арқылы жұмыс істейді және жергілікті білім базаларына енгізілген. Бұл цифрлық қызметкерлер жалпы 240 әкімшілік сценарийді қамтитын ресми құжаттарды өңдеу, мемлекеттік қызметтер, төтенше жағдайларды басқару және инвестиция тарту сияқты салаларда жақсы жұмыс істейді.

Нәтижесінде, мемлекеттік басқару тиімділігі артқан: құжаттарды пішімдеу дәлдігі 95 пайызға жетіп, тексеру уақыты 90 пайызға, қателер саны 5 пайызға дейін қысқарған. Сонымен қатар, цифрлық көмекшілер мемлекеттік қызметтерге сұраныстарды бөлудің дәлдігін 70 пайызға арттырғаны белгілі болып отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото