- Барлық ақпарат
Қытай-Қазақстан Ынтымақтастығы комитетінің 12-інші отырысы өтті
19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі және Мемлекеттік Кеңестің вице-премьері Дин Сюэсян 18 наурыз күні Бейжіңде Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен кездесіп, Қытай-Қазақстан Ынтымақтастығы комитетінің 12-інші отырысына тең төрағалық етті.
Дин Сюэсян екі жақтың жұмысының келесі кезеңіне 4 ұсыныс жасады. Біріншісі, екі ел мемлекет басшыларының маңызды консенсусын жүзеге асыру; Екіншісі, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жоғары сапада ортақ салып ынтымақтастықты тереңдету; Үшіншісі, құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету; Төртіншісі, мәдени алмасуды нығайту.
Роман Скляр Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасты дамытуды дипломатиялық басымдық ретінде қарастыратынын және Қытаймен бірге екіжақты ынтымақтастық тетіктерінің рөлін толық көлемде орындауға, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бойынша негізгі жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының үздіксіз жаңа нәтижелерге қол жеткізуін ілгерілетуге дайын екенін айтты.
people.cn © People's Daily Online