Қытайдан Талдықорған мен Үшаралға қатынайтын автобустар іске қосылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 наурыз

Қытай Талдықорған мен Үшаралға қайтадан жолаушылар автобустарын жібереді, деп хабарлайды Sputnik.

Қытай мен Қазақстанның көлік компаниялары жолаушылар тасымалы үшін автобус бағыттарының жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге қол қойды. Автобустарды жөнелту пункті – Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Алашанькоу қаласы.

«Бұл - Қытай мен Қазақстанның халықаралық көлік желісін кеңейтуге, сондай-ақ екі жақтың экономика, сауда және мәдениет саласындағы өңіраралық өзара байланысын нығайтады», - делінген хабарламада.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото