Қытайдың алғашқы ғарыштық тау-кен роботы жасалды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 наурыз

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Тау-кен және технология университетінде елдегі алғашқы ғарыштық тау-кен роботы жасалды. Бұл роботтың негізгі құрылымы алты аяқты: үш доңғалықты және үш тырнақты аяқтары бар. Мұндай модель ғарыштағы микрогравитациялық ортаға бейімделу үшін жасалған. Робот ай топырағының имитациялық ортасында қозғалу, бекіту және тіпті үлгі алу сияқты міндеттерді орындай алды. Қазіргі уақытта ғарыштық тау-кен роботының прототипіне тиісті бөлімдерден патент алуға өтініш беріліп, бастапқы сараптамадан өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото