ШЫҰ Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің 2025 жылғы бірінші отырысы Циндаода өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 наурыз

17 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14 наурыз күні түстен кейін Қытайдың Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы майор Чжан Сяоган 26-27 наурыз аралығында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің 2025 жылғы бірінші отырысы Шаньдун өлкесінің Циндао қаласында өтетінін хабарлады. Ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары мен ШЫҰ Хатшылығы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың келесі кезеңі бойынша пікір алмасу үшін өз өкілдерін жіберді. Кездесуді Қытайдың Ұлттық қорғаныс министрлігі ұйымдастырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото