«2024-2025 ШЫҰ-ның туризм және мәдени астанасы» атты мәдени туризм алмасу апталығы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 наурыз

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 10 наурызда Циндаода «2024-2025 ШЫҰ-ның туризм және мәдениет астанасы» атты мәдени туризм апталығы басталды. Іс-шара барысында Циндао мәдени туризмінің ресурстары мен Шанхай ұлттық мәдени туризмінің өнімдері көрсетіліп, әртүрлі елдердің өкілдері тамаша қойылымдар арқылы өздерінің алуан түрлі этникалық мәдениеттерін таныстырды.

Циндао қаласы әкімінің орынбасары Чжао Янь Циндао теңіз туризмін, денсаулық күтімі туризмін, «орындаушылық өнер + туризмді» және басқа форматтарды дамытуға назар аударатынын және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерімен мәдени туризм саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыратынын айтты.

Айта кетейік, 2024 жылғы Астана саммитінде Циндао «2024-2025 ШЫҰ-ның туризм және мәдениет астанасы» атағына ие болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото