Зеленский 30 күнге атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 наурыз

Владимир Зеленский Украина АҚШ-тың бір ай бойы атысты толықтай тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

- Бұл кездесуде біздің ұсынысымыз үш нәрсе болатын: әуедегі тыныштық – зымыран, бомба, алысқа атылатын дрондар және теңіздегі тыныштық... Бүгін келіссөздер барысында АҚШ тарапынан алғашқы қадам жасап, 30 күн бойы тек зымырын, дрон мен бомбалардың атысын майданның бүкіл желісі бойынша толықтай тоқтатуға тырысу туралы ұсыныс болды. Украина бұл ұсынысты қабылдады. Біз мұны оң шешім деп санаймыз. Біз мұндай қадамға баруға дайынбыз. Егер Ресей тарапы келіссе, біз де келісеміз. Сол кезде толықтай тыныштық орнайды, - деді өзінің видеоүндеуінде Владимир Зеленский.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото