Сауд Арабиясындағы АҚШ пен Украинаның келіссөзі туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің  пікірі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 наурыз
Сауд Арабиясындағы АҚШ пен Украинаның келіссөзі туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің  пікірі

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сауд Арабиясындағы АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөзі туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин 11 наурызда кезекті баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ресми өкіл сұрақтарға жауап ретінде Қытай дағдарысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдайтынын және тараптардың әділ, ұзақ мерзімді және қолайлы шешім табуын асыға күтетінін айтты.

«Қытай халықаралық қауымдастықпен бір ниетте болып, дағдарысты саяси реттеуде сындарлы рөл атқаруды жалғастырады», - деді Мао Нин.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото