- Барлық ақпарат
Шанхай портының автомобиль өткізу қабілеті әлемде бірінші орынға көтерілді
11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай кеденінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылы Шанхай портының автокөлік өткізу қабілеті 3,63 миллионға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті. Бұл көрсеткішпен порт алғаш рет әлемде бірінші орынға көтерілді. Оның ішінде сыртқы саудаға арналған автокөліктердің үлесі 60%-дан асты.
Соңғы жылдары Шанхай кедені ғылым мен технологияны және басқару-қадағалауды қатар дамытты. Бір жағынан цифрлық трансформацияны күшейтіп, «ақылды кеденнің» құрылысын ілгерілетуге, кеден, терминалдар және жүк тасымалдау компаниялары сияқты деректер тораптарын ашуға, сондай-ақ лицензияланбаған көліктерді «тоқтаусыз автоматты түрде тексеруді және шығаруды» жүзеге асыруға бар күшін салды. Осылайша автомобильдердің кіруі мен шығуын «бақылау» және «жылдам өткізу» қолайлы болды. Енді бір жағынан, басқару мен қадағалау модельдерінің инновацияларын жетілдіріп, саясатты тиімді пайдалана отырып, автомобильмен байланысты транзит сияқты жаңа бизнес форматтарын дамытты. Яншань арнайы кешенді еркін сауда аймағындағы автомобильдермен байланысты транзиттік бизнес қазіргі уақытта Шанхай портындағы автомобиль импорты мен экспортының жаңа ерекшелігіне айналды.
people.cn © People's Daily Online