- Барлық ақпарат
Қытайлық балалар Қытай кун-фуын хип-хопқа біріктіріп, халықаралық аудиторияның қошеметіне бөленді
11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында бір хип-хоптың бейне баяны бүкіл интернетте танымал болды. Екі қытайлық бала кун-фу өнерінің элементтерін хип-хоп биіне тоғыстырып, халықаралық жарыстарға қатысты.
Қытай стиліндегі ержүректілік пен жұдырықтасу өнерін көрсеткен балалардың әрекеті шапшаң әрі ырғақты болды. Шеберлікпен дайындалған би көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Бейжің уақыты бойынша 3 наурызда таңертең Францияның Париж қаласында өткен Juste Debout әлемдік хип-хоп финалында 10 жасар Сон Хаомин мен 14 жастағы Фу Цзюньси жасөспірімдер тобында өнер көрсетті. Олар ересектерге арналған хип-хоп санатындағы үздік халықаралық ойыншыларды екі рет жеңіп, «4 мықтының» қатарына кірді. Бұл қытайлық ойыншылардың жарысқа қатысқаннан бергі тарихтағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізуі еді.
people.cn © People's Daily Online