- Барлық ақпарат
Ұлттық денсаулық сақтау комитеті: Қытайда орташа өмір сүру ұзақтығы 79 жасқа жетті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 наурыз
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 наурызда Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясында халықтың әл-ауқаты тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында Ұлттық денсаулық сақтау комитетінің меңгерушісі Лэй Хайчао 2024 жылы Қытай тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 79 жасқа жеткенін, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,4 жылға артқанын және «14-ші бесжылдықтың» Ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму жоспары мақсаттары мен талаптарына қол жеткізілгенін айтты.
Лэй Хайчао 79 жастың орташа өмір сүру деңгейінің орташа және жоғары табысы бар 53 елдің ішінде төртінші, ал G20 елдері арасында 10-орында екенін айтты.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online