Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 наурыз

ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді деп жазды KAZINFORM.

Мәліметке сәйкес, қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенген. Рюкзагында «бомба» бар деп жолаушыларды қорқытқан.

Қазақстан Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Мұса Әбдірайымға «Ерлігі үшін» медалін табыстаған еді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото