Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы комитетінің порт және кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің отырысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 наурыз

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 6 наурызда Кеден бас басқармасы директорының орынбасары Ван Линцзюнь мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы комитетінің порт және кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің бейнеконференция түрінде өткен 13-ші отырысының тең төрағалары болды.

Екі тарап кіші комитет механизмі шеңберінде әртүрлі салаларда қол жеткізілген ынтымақтастық нәтижелерін жоғары бағалады. Сондай-ақ порттардың өткізу қабілетін арттыру, порттарды пайдалану мен басқаруды жақсарту, кедендік рәсімдерді жеңілдету саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сауда қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасып, кең ауқымды консенсусқа қол жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото