- Барлық ақпарат
Қытай 2025 жылы ШЫҰ саммитін өткізіп, оны жаңа деңгейге шығаруға ниетті
Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қазіргі рөлі мен болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елшінің айтуынша, Қытай 2024-2025 жылдары ұйымға төрағалық етіп, 2025 жылы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің 25-отырысын өткізеді.
Халықаралық қатынастардың қазіргі кезеңінде геосаяси қақтығыстар, протекционизм және қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер күшейіп келеді. Осыған байланысты, Қытай ШЫҰ-ны аймақтық тұрақтылықтың кепілі және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастырушы ұйым ретінде дамытуды көздейді, - дейді Хань Чуньлинь.
Елші Хань Чуньлиньнің айтуынша, Қытай ШЫҰ-ның ішкі ынтымақтастығын нығайтуға, халықаралық аренадағы ықпалын арттыруға және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуды жалғастырады.
2025 жылғы саммит ШЫҰ үшін жаңа даму кезеңін айқындамақ. Қытай «Шанхай рухын» одан әрі дамытуға, ұйымды заманауи сын-қатерлерге бейімдеуге және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық береді.
people.cn © People's Daily Online