2015-2024 жылдары аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия саласында 272 патент тіркелген

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 наурыз

Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанда өнертапқыштар жел генераторы, күн панельдерін тазалау жүйесі, бірнеше сатылы күн және жел қондырғылары сынды көптеген өнертабысты патенттеді, деп хабарлайды KAZINFORM.

ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетіне қарасты ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтының мәліметінше, 2015-2024 жылдары аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия саласында 272 патент тіркелген.

- Жел энергиясын пайдаланатын өнертабыстарға патенттің ең көп саны тіркелді - 129, судың гидродинамикалық энергиясын қолданатын патенттер саны - 61. Күн сәулесі энергиясын қолданатын өнертабыстардың саны – 44, геотермалды энергияны пайдаланатын өнертабыстарға патенттердің ең аз саны берілген - 38, - деп нақтылады институттан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото