Ван И: Өзара сыйластық - Қытай-АҚШ қатынастарының маңызды алғы шарты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 наурыз

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін (7 наурыз) таңертең Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясы журналистер мәслихатын өткізді. Ван И Қытай-АҚШ қарым-қатынастары туралы айтып, өзара сыйластықтың екі ел қатынастарының маңызды алғы шарты екенін атап өтті.

Оның айтуынша, АҚШ соңғы жылдардағы тарифтік және сауда соғыстарынан не тапқанын қайта қарастыруы керек. Сауда тапшылығы азайды ма, әлде ұлғайды ма? Өндірістік бәсекеге қабілеттілік өсті ме, әлде төмендеді ме? Инфляция жақсарды ма, әлде нашарлады ма? Халықтың әл-ауқаты жақсарды ма, әлде нашарлады ма? Осының барлығына қайырыла қарағаны жөн.

Ван И Қытай-АҚШ экономикалық және сауда қатынастары өзара байланысты әрі тең екенін жеткізді.. Егер ынтымақтастық таңдалса, онда өзара пайда жеткізіп, тең ұтысқа жетеді. Ал егер соқыр қысым жасалса, онда Қытай оған үзілді-кесілді қарсы тұрады деп кесіп айтты.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото