Қазақстанның сауда айналымы 9,1 процентке өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 наурыз

ҚР Сауда министрлігінің сарапшылары 2024 жылы сыртқы және ішкі сауда динамикасы тұрақты болғанын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы сауда көлемі 9,1%-ке ұлғайды. Бұл салаға 884,6 млрд теңге ($1,7 млрд) инвестиция тартылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке артық.

Бұл туралы Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің алқасында айтылды.

Ішкі тауар айналымы да 14,1%-ке өсіп, 69,6 трлн-ға жетті. Бұның 47,2 трлн теңгесі ($95 млрд) көтерме сауда, ал 22,4 трлн теңге ($45 млрд) бөлшек саудадан түсті.

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы былтыр 1 141,4 млрд теңге болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1 1,6 млрд-қа артық ($139,8 млрд). Сауда балансы 3 3,1 млрд теңгеге өсті (өсім 16%) және 2 21,8 млрд теңге болды.

Тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспорты 10,7%-ке өсіп, 2023 жылғы $36,3 млрд-пен салыстырғанда 4 40,2 млрд-қа жетті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі бір жыл ішінде небәрі 1,4% болды, бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіш, дейді министрлік.

Жалпы сауда үлесіне ішкі өнімнің 19,1%-і тиесілі, бұл секторда 1,6 млн адам еңбек етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото