- Барлық ақпарат
Биыл Қазақстанның 3 облысында 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл Қазақстанның 3 облысында 4 жаңа су қоймасының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.
Ақмола, Қалғұты (Жамбыл облысы) және Қараөзек (Қызылорда облысы) су қоймалары суару кезеңінде 22,5 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, Батыс Қазақстан облысында салынатын Үлкен Өзен қоймасы 5000-ға жуық тұрғыны бар екі елді мекенді су тасқынынан қорғайды.
Ақпаратқа сәйкес, бірінші кезең аясында Жамбыл облысындағы Терс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймаларын, сондай-ақ Түркістан облысындағы Қосқорған су қоймасы мен Көксарай контрреттегішін реконструкциялау жоспарда бар.
people.cn © People's Daily Online