- Барлық ақпарат
Каспий итбалығы соңғы бір ғасырда 90 пайызға кеміген
Итбалық жойылудың сәл-ақ алдында тұр деп дабыл қаққан ҚР «Эко-Лидер» волонтерлік клубының жетекшісі Бақытгүл Жақсылықованың айтуынша, итбалықтар соңғы 100 жылда 90 пайызға азайған. XX ғасырдың басында олардың саны — 1,2 млн болса, қазір 75 000 — 270 000 аралығында, деп хабарлайды KAZINFORM.
Каспий итбалықтарының қырылу жағдайлары 2000 жылдан бастап жиіледі. Әр жылда жүздеген, тіпті мыңдаған теңіз сүтқоректісі қырылып жатыр. Оған қатысты әртүрлі себептер айтылып келеді. Осыған дейін ит обасы, пастереллез, созылмалы токсикоз сияқты түрлі аурулар себеп ретінде аталды.
Ал соңғы 2024 жылғы итбалықтардың қырылуын Алматыдағы микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының мамандары әлі толық зерттелмеген нейровирустық инфекциядан деп мәлімдеді.
people.cn © People's Daily Online