Қазақстан мен CNPC мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 наурыз

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» және QazaqGaz компанияларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, бірқатар стратегиялық маңызды жобаларға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанда мұнай өңдеу көлемін ұлғайту үшін маңызды жобалардың бірі – Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту, мұнай-газ химиясы саласының дамуы үшін маңызды «Карбамид» жобасы, сондай-ақ елдің газ тасымалдау жүйесінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар «МаңғыстауМұнайГаз» және «Өріктау» кен орындары бойынша келісімшарттарды ұзарту, сондай-ақ табиғи газды жеткізу және тасымалдау мәселелері қарастырылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото