- Барлық ақпарат
Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 наурыз
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдағы жетекші металлургия компанияларының бірі Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.
Кездесудің басты тақырыбы Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағы аумағында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинатын салу жобасын жүзеге асыру болды. Қытайлық инвестор жалпы инвестиция сомасы $1,2 млрд-қа бағаланып отыр, жоба шеңберінде 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Құрылыс 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланған.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online