- Барлық ақпарат
Қытай инвесторлары Павлодарда көлік дискілері мен қосалқы бөлшектерін шығармақ
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 наурыз
ҚР Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қытайлық Beijing Jinghanlin Мould Manufacturing Co. Ltd және Hua Аn International Investment Management LLP компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Кездесу барысында тараптар өңірдегі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында автокөлік өнеркәсібіне арналған автокөліктердің алюминий дискілері мен қосалқы бөлшектерін шығаратын кәсіпорын салу мүмкіндігін талқылады. Жоба құны - 50 млрд теңге. Өндірісте жылына 2 млн дана өнім шығарылып, 100-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылуы мүмкін- делінген хабарламада.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online