Қытай қарттарға күтім жасайтын роботтың халықаралық стандартын шығаруда жетекші рөл атқарды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 ақпан

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) Қытайдың жетекшілігімен шығарылған қарттарға күтім жасайтын роботтардың халықаралық стандартын ресми түрде жариялады. Бұл стандарт егде жастағы адамдардың физиологиялық және іс-әрекеттік ерекшеліктеріне сүйене отырып, қарттарды күтетін роботтардың әртүрлі өнімдерін жобалау, өндіру, сынау және сертификаттау үшін эталонды қамтамасыз етеді.

Бұл стандарт күнделікті өмір мен денсаулық сақтаудың әртүрлі аспектілеріндегі егде жастағы адамдардың қажеттіліктері мен сипаттамаларына бағытталған және қарттарға қарайтын роботтардың функционалдық, өнімділік классификациясын ұсынады. Қолданымдылық, сенімділік, кедергісіздік, энергия тұтыну және шуыл сияқты жалпы талаптардан басқа, ол қарттарды күтетін роботтар ұсынатын денсаулық жағдайы мен төтенше жағдайларды бақылау қызметтеріне техникалық талаптарды, отбасы мүшелерімен және медициналық қызметкерлермен байланысты қолдауды, әртараптандырылған үй жұмысын, ойын-сауықты, үй жиһаздарын басқаруды, баптауды және басқа да іс-шараларды қолдауды, тысқа шығуға және қимылдауға көмек көрсетуді, ақпарат пен деректерді басқару өнімділігі және т.б. сияқты қызметтерді тиісінше қолдауды ұсынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото