- Барлық ақпарат
Циндаодың аралдағы бірінші логистикалық реиісі ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 ақпан
28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 ақпан күні Циндаодың аралдағы төмен биіктіктегі алғашқы логистикалық бағыты ашылды. Ол 10 минут ішінде Цзими жартасы портынан Линшань аралына дейінгі 18 шақырымдық құрлық пен арал аралығындағы материалдарды қос тарапқа жеткізу рейсін жүзеге асырады.
Хабарламаларға сәйкес, Линшань аралының логистикасы бұрын негізінен су тасымалына сүйенетін. Тұман түсіп, теңізде толқындар ойнағанда тасымалдаушы қайықтар амалсыздан тоқтап қалушы еді. Төмен биіктіктегі логистикалық рейстің ашылуы төмен биіктіктегі экономиканың қолдану ортасын кеңейтіп, байланыс арнасын байытты. Сонымен қатар арал тұрғындарының тұрмысына да қолайлы жағдай туғызды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online