Қытайда 57 миллионнан астам жеке кәсіпорын бар

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 ақпан

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық ұжымдардың бірыңғай әлеуметтік сенім коды деректеріне қызмет көрсету орталығының статистикасына сәйкес, 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Қытайдағы жеке кәсіпорын саны 57 миллионнан асты (кәсіпорындардың жалпы санының 91,96% құрайды). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,69%-ға өсті. Шығыс аймақтағы жеке кәсіпорындардың саны 53,30%-ға жетті. Ал Орталық және солтүстік-шығыс аймақтардағы жеке кәсіпорындар санының өсуі жеделдеп, сәйкесінше 18,78%-ға және 16,24%-ға артты. Бұл мемлекеттік орташа өсу деңгейінен (14,69%) жоғары.

Сонымен қатар, жеке кәсіпорындар ғылыми-техникалық инновациялар саласына, яғни, стратегиялық даму, жоғары технологиялық және цифрлық экономиканың негізгі салаларына белсенді қатыса бастады. Бұл деңгей өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 17.07%-ға, 18,70%-ға және 18,87%-ға артып, елдегі орташа өсу деңгейінен (14,69%) жоғары көрсеткішті иеленді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото