Қазақстан мен Өзбекстан арасында қосымша 4 сауда дәлізі ашылуы мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 ақпан

Өзбекстан тарапы Қазақстанмен арадағы тауар айналымын арттыру мақсатында қосымша 4 сауда дәлізін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform.

Аталған бастаманы іске асыру туралы Қазақстанның Жетісу облысының кәсіпкерлерімен кездескен Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимов айтты.

Сонымен қатар, дипломатиялық миссия басшысы Өзбекстанның экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған шараларын баяндады. Атап айтқанда, Б.Ибрагимов ресми Ташкент мемлекеттік шекаралардағы өткізу бекеттерін жөндеуден өткізіп жатыр. Оның айтуынша, бұл тауар айналымын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Еске салайық, Ташкентте Қазақстанның, Астанада Өзбекстанның сауда орталығы салуы мүмкін.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото