Гуанчжоуда 8600 автокөлік тиеуге болатын кеме табыс етілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 ақпан

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Гуанчжоуда Қытайдың Guangchuan International жүк тасымалдау тобы құрастырған 8600 автокөлік тиеуге болатын екі отынды тасымалдаушы кемеге атау қою және көлік тиеу рәсімі өтті.

Бұл кеме - 7000 автокөлік тиеуге болатын екі отынды тасымалдаушы кеменің кеңейтілген және жаңартылған нұсқасы. Кеменің жалпы ұзындығы 200 метр, ені 38 метр. 14 қабатты автокөлік палубасы бар, кем дегенде 8600 стандартты автокөлік тиеуге болады, сонымен қатар, инженерлік көліктер мен арнайы техника сияқты әртүрлі жүктерді тиеу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 5 қабатты көтеру палубасы жобаланған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото