Тяньцзиньде Қытайдағы толығымен шетелдіктер қаржыландырған алғашқы үшінші деңгейлі аурухана ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 ақпан

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 ақпанда Тяньцзиньде Қытайдағы толығымен шетелдіктер инвестициялаған алғашқы үшінші деңгейлі жалпы аурухана - Perennial General Hospital Tianjin ашылды.

Аурухананы Сингапурлық Perennial Holdings инвестициялады және салды, оның жалпы инвестициясы шамамен 1 миллиард юань. Аурухана 500 төсек-орынға арналған. Ол жалпы аурулар мен қиын жағдайларды диагностикалау, емдеу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жан-жақты медициналық қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар оның денсаулық сақтау және созылмалы ауруларды емдеу сияқты жеке медициналық қызметтерді ұсынатын халықаралық бөлімі бар.

2024 жылдың қарашасында Ұлттық денсаулық сақтау комитеті және басқа төрт департаментпен бірлесіп «Толық меншіктегі ауруханалар саласын кеңейту және ашу бойынша пилоттық жұмыс жоспарын» жариялады. Бұған дейін тиісті ведомстволар Бейжіңде, Тяньцзиньде, Шанхайда, Нанкинде, Сучжоуда, Фучжоуда, Гуанчжоуда, Шэньчжэньде және Хайнань аралында (дәстүрлі Қытай медицинасын қоспағанда, мемлекеттік ауруханаларды қосып сатып алуды қоспағанда) толығымен шетелдіктер инвестициялаған ауруханалар құруға рұқсат беруді ұсынған болатын. Perennial General Hospital Tianjin Қытайдың шетелдік қаржыгер толықтай ивестициялаған алғашқы үшінші деңгейдегі жалпы ауруханасы.

Perennial Holdings атқарушы төрағасы және бас директоры Pua Seck Guan: «Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы ашықтық саясаты халықаралық инвестициялық қауымдастыққа оң сигнал берді, топқа жаңа нарықтық мүмкіндіктер берді және Қытайдың медициналық нарығының әртараптандырылған дамуына ықпал етті», - деді.

Үшінші деңгейлі аурухана - бұл бірнеше облыстарға жоғары деңгейлі мамандандырылған медициналық және денсаулық сақтау қызметтерін көрсететін, алдыңғы қатарлы оқу және ғылыми-зерттеу міндеттерін орындайтын аймақтық деңгейден жоғары аурухана.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото