Xiaopeng Motors: 2025 жылы 60 ел мен аймаққа кіреді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 ақпан

26 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 ақпанда Xiaopeng X9 300 көлігінің бірінші партиясы Гуанчжоудағы Наньша портында жаһандық тасымалдауды бастады. 2020 жылы 100 дана Xiaopeng G3 көлігі Гуанчжоудан Еуропаға жөнелтілгеннен бастап, Xiaopeng соңғы бес жылда әлемнің 30-дан астам елдері мен аймақтарына жетті.

Xiaopeng Motor тарапының айтуынша 2025 жылы Xiaopeng Motor 60 ел мен аймаққа жетіп, 300-ден астам шетелдік сатудан кейінгі қызмет көрсету орындарын құрады. Xiaopeng-ның шетелдегі ультра жылдам зарядтау желісі Оңтүстік-Шығыс Азияда да жетекші орынға ие болып, жаһандық энергия жүйесін ашты. 2026 жылы Xiaopeng «Turing AI Smart Driving» жүйесін әлемдік бейімдеуді бастайды. Бұл Қытайдың он жылдық интеллектуалды жүргізу тәжірибесін әлемге ұсыну болмақ.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото