- Барлық ақпарат
Шэньчжэньдегі Чжунцин роботы әлемдегі алғашқы гуманоидты робот фронтфлип мәнерін сәтті орындады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 ақпан
25 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шэньчжэнь Чжунцин робот технологиясы компаниясы әзірлеген гуманоидты робот жоғары жылдамдықты динамикалық қозғалыстың тамаша нәтижесін көрсетті. Әлемдегі алғашқы гуманоидты робот фронтфлип мәнерін (трюк) сәтті орындады.
Чжунцин роботының фронтфлип ерекше әдістерін көрсетуі компанияның технологиялық зерттеулері мен әзірлемелеріндегі маңызды жетістік болып табылады. Төрт ай бұрын Чжунцин роботы тізесін тік ұстап жүре алатын алғашқы гуманоидты робот деңгейіне жетті. Бұл алдыңғы роботтардың тек тізесін бүгіп, ұсақ қадамдар жасай алатын кезеңін аяқтаған еді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online