Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілеттігі өзгерді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 ақпан

Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2025 жылғы 13 ақпандағы Жарлыққа қол қойды деп жазды ҚазАқпарат.

— ҚР Қорғаныс министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне кейбір саладағы функциялары мен өкілеттігін бере отырып, қайта құрылсын, — делінген Жарлық мәтінінде.

— мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, басшылық ету және салааралық үйлестіру;

— әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

— мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде әскери мақсаттағы тауарлар мен өнімдерге, қос мақсаттағы тауарлар мен өнімдерге, әскери мақсаттағы жұмыстарға және әскери мақсаттағы қызметтерге баға белгілеу.

Осылайша ҚР Қорғаныс министрлігінен берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құқық пен міндеттемелердің мирасқоры болып белгіленді.

Жарлық 2025 жылы 13 ақпанда қолданысқа енгізілді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото