- Барлық ақпарат
Олаф Шольц сайлауда жеңілгенін мойындады
Экзитпол нәтижелеріне сәйкес Шольцтің партиясы Бундестагқа мерзімінен бұрын өткізілген сайлауда сәтсіздікке ұшырап, тек үшінші орынға ие болды деп жазды Kazinform.
Жексенбіде Германияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Ол ЕО-ның ең ірі мемлекетінің алдағы төрт жылдағы бағытын анықтайды.
Экзитполдың мәліметі бойынша Германияның Христиандық-демократиялық одағы/Баварияның Христиандық-әлеуметтік одағы блогы шамамен 29% дауыспен көш бастап тұр. Екінші орынға — әсіре оңшыл «Германия үшін балама» партиясы (шамамен 20% дауыс) орналасты. Ал Германияның солшыл бағыттағы Социал-демократиялық партиясы 16% дауысқа ие болып, үшінші орынға тұрақтады.
Сайлау нәтижелері Германияның Христиандық-демократиялық одағы/Баварияның Христиандық-әлеуметтік одағы блогы коалиция құруы керек екенін көрсетеді. Бұл ретте Олаф Шольцтің орнына канцлер ретінде Фридрих Мерц келуі мүмкін.
people.cn © People's Daily Online