Өзбекстан әскерінде дроннан төнетін қауіпті тойтаруға жауапты бөлімшелер құрылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 ақпан

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елдің қауіпсіздігін нығайту мен қорғаныс қауқарын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Оның барысында Өзбекстан басшысы әскердің әлеуетін бүгінде болып жатқан қарулы қақтығыстарды ескере отырып арттырудың маңызына тоқталды.

Яғни, қазіргі аймақтық шиеленістерде жасанды интеллектпен жұмыс істейтін технологиялар, зымырандар мен дрондар қолданылады.

Осыған байланысты Шавкат Мирзиёев дрондарға қарсы әрекет ететін бөлімшелер жасақтауды тапсырды. Мұнымен бірге, президент атап өткендей, Өзбекстан әскерінде жасанды интеллект пен робототехниканы қолдана отырып, қатерлерді тойтаратын киберқауіпсіздік құрылымдары болуы тиіс.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото