- Барлық ақпарат
Тау асып, тас басып электр класын қорғау: Цзинхэ-Қорғас теміржолындағы электр мамандары
21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Цзинхэ-Қорғас темір жолы Ланьчжоу-Шыңжаң темір жолының батыс бөлігіндегі Цзинхэ станциясынан шығып, Тяньшань тауының солтүстік етегімен батысқа қарай жүріп, Қорғас қаласының шекара портына жетеді. Бағыт бойында жалпы ұзындығы 286,212 шақырымды құрайтын 21 станция бар. Бұл Іле өзені аңғарын сыртқы әлеммен байланыстыратын жалғыз теміржол желісі. Сонымен қатар Шыңжаңдағы батыс бағытында ашылған екінші халықаралық теміржол арнасы. Мұнда күн сайын Қытай-Еуропа бағытындағы поездар өтеді.
Жыл бойы электр энергиясы мамандары осында теміржол учаскесінің катенарлық құралдар мен теміржол бойындағы таулардың желілік жабдықтарын қорғаумен болады.
Қыста пойыз Цзинхэ-Қорғас теміржолының бойымен тау арасынан өтеді. Ал электрді қорғау-баптау мамандары теміржолдың қауіпсіздігі мен кедергісіздігіне кепілдік ету үшін, өз қызметтерін қар кешіп, тау аралап, тас баса жүріп атқарады.
people.cn © People's Daily Online