- Барлық ақпарат
Қазақстан астық экспортын ұлғайтады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 ақпан
Қазақстан астық экспортының көлемін ұлғайтады. Бұл туралы сенатта ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik.
Былтыр Қазақстанда шамамен 18 миллион тонна бидай жиналды. Ал барлық дәнді дақыл шамамен 25 миллион тонна болды.
«Біз экспорт көлемі шамамен 10-12 миллион тонна болады деп болжап отырмыз. Бұл өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда көп. Сондықтан кез келген жағдайда дәстүрлі түрде астық жіберіліп жүрген елдерге экспорт көлемін арттырамыз. Сонымен қатар астық жаңа нарыққа да экспортталатды», - деді вице-министр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online