Хайнань теңізі түбіндегі интеллектуалды есептеу орталығының кластері іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 ақпан

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 ақпанда Хайнаньның Линшуй қаласы теңіз түбіне жаңа деректер модулі орнатылып, жұмыс істеп тұрған теңіз астындағы деректер орталығымен байланысты. Осылайша Хайнань теңіз астындағы интеллектуалды есептеу орталықтарының кластері қалыптасты.

Теңіз түбінде жаңадан орналастырылған деректер модулі - ұзындығы 18 метр, диаметрі 3,6 метр болатын қысымды аспап. Оның ішіне 400-ден астам өнімділігі жоғары серверлерді орналастыруға болады. Модульді жақын жердегі жағалау станциясы арқылы тұтынушы деректер терминалына қосады.

Теңіз түбіндегі интеллектуалды есептеу орталығы кластерінің ағымдағы есептеу қуаты шамамен 30 000 жоғары деңгейлі ойын компьютерлерінің бір уақыттағы есептеуіне тең. Модуль қарапайым компьютерлердің бір жыл ішіндегі есептеу қуатын бір секундта орындайды. Ол DeepSeek-тің ақылды көмекшілері негізінде, секундына 7000-ға жуық смарт сөйлесуді атқарады.

Ақылды есептеу орталықтарының кластері есептеу қуатының тиімділігін арттыру, сонымен бірге жерді, тұщы суды және электр энергиясын үнемдеу үшін теңіз суын табиғи суық байлық ретінде пайдаланады.

Ақылды есептеу орталықтарының кластері 10-ға жуық компаниямен келісімшартқа отырды. Ол жасанды интеллекттің үлкен модельдерін оқыту мен пайымдауда, өнеркәсіптік модельдеуде, ойын өндірісінде және теңіздегі ғылыми зерттеулерде қолданылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото